1 қыркүйектен бастап Қазақстаннан Қытайға астық жеткізу шектеледі
Достық станциясында астық контейнерлері 1 қыркүйектен бастап қабылданбайды.
1 қыркүйектен бастап Қазақстаннан Қытайға астыш жеткізу шектеледі, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Достық станциясында астық контейнерлері 1 қыркүйектен бастап қабылданбайды. Қытай Алашанькоу станциясының жөндеу жұмыстарына байланысты контейнерлермен жүктерді қабылдауға шектеу қойылды.
1-10 қыркүйек аралығында Қазақстанның барлық станциясынан ҚХР-дағы Достық станциясы арқылы контейнерлермен астық жүктерін, өнімдерін, дақылдарды тасымалдауға уақытша тыйым салады.