Шымкентте 3 жасар баланың саусағын ет тартқыш шайнап тастады
Балаға ота жасалып, 3 саусағы жарамсыз болып қалды
Шымкентте 3 жасар бала ет тартқышқа қолын салып саусақтарынан айырылды деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK каналына сілтеме жасап
Саусақтарын ет тартқыштан ала алмаған соң арнайы мамандарды шақырып, алғызады. Мамандар балаға дәрі беріп ұйықтатқан. Ет тартқышты құралмен кесіп баланың қолын алып, дереу ауруханаға жеткізді. Бала алдағы 1 апта бойы ауруханада емделеді.