Бекболат Тілеуханның бұрынғы келіні ажырасқандарды "қоғамның соры" деген Әйтеноваға жауап берді(фото)
Тоғжан Қожалы: Ажырасу-ең соңғы, шарасыз, амалсыз қалған сәтте ғана баратын жалғыз жол!
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Тоғжан Қожалы ажырасқан әйелдер қоғамның соры деген журналистке өз инстаграм парақшасында жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіге тараған Меруерт Әйтенованың сөзін қолдағандар да, наразы болғандар да көп. Қарсы келген қоғам белсендісінің оқырмандары да Тоғжан Қожалы қолдап, өз пікірдерін білдірді.