Мәдениет

Сара Амангелді: дертімді естіген жігіттер бірден өзгеріп, өтірік ұрысып жоқ болып кетеді

Сара Амангелді екі рет ота жасатса да денсаулығындағы кінәрат жазылмай жүргенін айтып мұңайды

"Келінжан" фильміндегі  сүйкімді әрі енесінің ең сүйікті келіні Асылым өмірде бұл жағдай арман екенін айтып өтті. Кезінде "Кешью" тобында ән салған бойжеткен көпшілікке бала күнінен құлағы ауыратынын айтады. Бұл жай ауру емес деген актриса , екі рет ота жасатқанын да жасырмады. бірақ ол оталардан айтарлықтай нәтиже болмапты. тіпті дәрігерлер Сараға "естімейтін құлақпен қалай ән айтып жүрсің" деп таң қалған екен, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

 «Кішкентай кезімнен құлағым ауырады. Екі рет ота жасалды, сонда да әлі ауырады. Онсыз да дұрыс естімеймін. Сол үшін намыстанып жылаймын. Дәрігерім «қалай ән айтып жүрсіз» деп таңғалады. Сәл құлағым ауырса, қатты күйзеліске түсіп кетемін. Естімей қаламын ба деп қорқамын, паника» дейді ол. Сара Амангелдінің айтуынша, бұл сырқаты жеке өміріне де кедергісін келтірген екен. «Уақыт өте келе осындай проблемалар бар екендігін айтқан соң, араласып жүрген жігіттер сразу өзгеріп, на месте өтірік сылтауратып, ұрысып, кетіп қалатын. Не үшін екені айтпасам да белгілі шығар… Типа «ертең сенен туған бала тоже солай туыла ма?” деп айтқан даже» деп ағынан жарылды өнер иесі.