Тоқаев төрт министрді қызметінен босатты
Мемлекет басшысы 2023 жылы 1 қыркүйекте жарлыққа қол қойды
2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрт министрді қызметінен босатты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысының жарлығымен:
Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;
Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.