Марат Қарабаев жаңадан құрылған Көлік министрлігін басқарады
Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарған еді
Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жаса. Марат Кәрімжанұлы 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 2008 жылы «Ташкент автомобиль-жол институтын» - «Ғимараттар мен құрылыстар салу» мамандығын бітірген. 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Уорвик (Ұлыбритания) университетін – «Өндірісті-жүйелік инженерия» мамандығы бойынша үздік аяқтаған. 2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығын тәмамдаған. 2011 жылғы қаңтар-тамыз аралығында – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің тағылымдамашысы, сарапшысы. 2011 жылдың тамызынан 2013 жылдың наурызына дейін – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Технологиялар және энергия үнемдеу департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы. 2013 жылғы наурыздан қарашаға дейін – ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Транзиттік және көліктік логистика департаменті Транзиттік саясат басқармасының басшысы. 2013 жылғы қарашадан 2014 жылғы маусымға дейін – ОҚО әкімдігі жанындағы «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС Басқарма Төрағасының кеңесшісі. 2014 жылғы маусымнан 2015 жылғы қазанға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары. 2015 жылғы қарашадан 2017 жылғы наурызға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы. 2018 жылғы мамырдан 2020 жылғы шілдеге дейін – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры, 2019 жылғы маусымда Департаменттің функциялары Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен берілді. 2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы шілдеге дейін – ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы. 2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі. 2023 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.