Қырғыз президенті Садыр Жаппаров көріпкелдік қасиеті бар екенін айтты
Қырғыз президенті осыған дейін болжаған дүниелері дәл келгенін айтады
Қырғыз президенті Садыр Жаппаров болашақты болжайтын қасиеті барын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Мектептің ашылу салтанатында сөз сөйлеген президент оқушылар мен ата-аналардың алдында Құдайдан берілген ерекше қасиеті барын айтып өтті.
“Менің мақтанғаным емес. Менің бір қасиетім бар: 20-30 жыл бойы еліміздің не болатынын, қандай жолмен жүретінін болжау. Менің болжамдарым қай кезде де орындалады. Мұндай қсиетті маған Құдай берген болуы керек. Шындығында, әркімде мұндай қасиет бар. Қазіргі кезде болып жатқан ахуалды сараптай отырып, болашақты болжауға болады», - деді президент.