Мәдениет

Әнші Индира Еділбаеваның үйлену тойы болды (видео)

И.Еділбаева : Армандар орындалады. Бәрі әдемі, айналам толған бақыт

Әнші Индира Еділбаева күйеуге шығып, ерекше күндерін заманауи стильде жасады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Сәуір айында инстаграм парақшасында өзінің күйеуге шығуға келіскенін жариялаған әншінің күні кеше үйлену тойлары болды. Заманауи стильде жасаған бұл той өзінің арманындағы той болғанын әнші оқырмандарына айтты. Сүйіктісімен әлем аралап жүретін  әншінің жарының есімі Камалдин. 

Той қонақтары арасынан Мадина Садуақасова секілді  еліміздің жарық жұлдыздары көзге түсті. 

Әнші тойында гүлдермен бездендіруді қатты қалағанын жеткізді. Өзі қалағандай сәндеу барысында өте көп гүл қолданылған.

"Жандарым, бақытты болыңдар","құттықтаймын","жастарға бақыт", "қандай әдемі той", "қымбаттым бақытты бол" деп оқырмандары өз тілектерін жаудыруда.