Басты жаңалықтар

Қарағандылық ата-аналар балаларының "6 күндік сабағына" қарсы шықты (видео)

Ата-аналар: Балаларды бос уақытынан айырды.

Қарағандылық ата-аналар балаларының "6 күндік сабағына " қарсы шығуда , деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Шахтинск қаласының тұрғындары балаларының 6 күн бойы сабақ оқуыны  наразылықтарын білдіруде. Наразылыққа шыққандар бұл ата-ананың , балалардың құқұғына қарсы келеді дейді. Елдегі басқа мектептердің 5 күн оқитынын сөзге тиек етіп, өз талаптарын жеткізді.

Ата-аналар білім бөлімінің басшысы Николай Онсовичтің олармен кездеспегенін айтып, сабақ уақытын өзі қалағандай қойып отырғанын жеткізді.