Қоғам

Ең бай жұлдыз белгісі анықталды

Астрологтар: адамның қалтасы қалың болуына жұлдыз белгісі де тікелей әсер етеді

Кез-келген адамның бай, бақуатты болуы көбіне еңбекқорлыққа, сәттілікке байланысты екені белгілі. Алайда адам әмиянындағы ақшаның аз-көбіне жұлдыз белгісі де ықпал етеді.

Мамандардың ойынша, қаржы тұрғысында ең төмен табысты жұлдыз белгісі – Мергендер. Бұл жұлдыз белгісі өкілдеріне қандай да бір себепті үнемі ақша жетпей жүреді. Ал екінші орынды еншілейтін белгі – Суқұйғыштар өздері көп ақша табуға талпынбайды екен. 

Мұнан кейінгі орын ақшаны үнеммен жұмсауды білмейтін Балықтарға беріледі. Тоғызыншы орыннан ақшаны ұнатпайтын, қолдың кірі санайтын, "бақыт ақшада емес" деп білетін Таразылар көрінеді. Алайда олар ара-тұра қымбат киім, бұйымдармен көзге түсуден кетәрі емес.

Онан соңғы орынды «үнем» ұғымын таңсық көретін Егіздер мен үнемі кедейлікте жүретін Торпақтар алады. Алтыншы орынды Арыстандар иемденеді. Қаржы тұрғысынан қарағанда олар – табысты, жолы болғыш жандар. Бұл жұлдыз белгісі өкілдері үшін ақша – айналасындағыларға ықпал етіп, өктемдік жүргізу құралы.

Байлардың бестігін ақша табу жолын білетін, бірақ тапқанын қажетсіз заттарға жұмсайтын Шаяндар ашады. Астрологтар төртінші орынды Тоқтыларға береді. Олар кей-кейде ақшаға байланысты қитұрқы істерге араласқанымен, жолы болғыштығының арқасында құрдымға кеткен емес.

Көшбасшылар үштігін ақшаны көп тауып, аз жұмсайтын Тауешкілер бастайды. Байлар арасындағы екінші орын Сарышаяндарға тиесілі. Олар қаржы жағдайын жақсарту үшін бәріне дайын. Десе де рейтинг шыңынан орын алған – Бикештер. Аталған жұлдыз белгісі өкілдері еңбекқорлығы мен үнемшілдігінің арқасында байлыққа кенеледі