Алматы болысында директор медреседе қосымша білім алған оқушыны мектепке алмай қойған (видео)
Анасы: Мектеп формасын кигізіп апардым. Директор да ауыл әкімі де қарсы.
Қарилық мектеп басшысы өзінде білім алған баланы мемлекеттік мектеп қабылдамай қойғанына шағынды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Оқушы қызды Алматы облысы Жамбыл ауданын Сарыбастау ауылындағы Сарыбастау орта мектебіне оқуға қабылдамай жатыр. Себеп оқушының сабақ уақытынан тыс медреседе білім алуы. Оқушы қыз барлық оқушылар секілді мектеп формасын киіп барған.
Орталық басшысы оқушының, мұсылманнның құқығы тапталуда деп шағым айтуда. Биліктен бұл мәселін шешіп беруін талап етуде.