Мәдениет

Наркенже Серікбаева бұрынғы істеген қателіктеріне өкінетін айтты

Әнші: Анам үнемі: "айтып жүрген термеңе сай бол",- дейтін

Әнші Наркенже Серікбаева өзінің тік мінезді екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасап.  

"Мен тіке сөйлейтін, бетіме қарап ешкімді сөйлетпейтін қыз едім. Ол мінезім қазір де бар. Бірақ сабыр сақтауға тырысамын. Өжет қыз едім. "Болмайды" деген нәрсе жоқ мен үшін. Осы мінездің арқасында талай таяқ жедім. Бірақ өзің түзелуің керек. Өзің түзелмей, Алла түзесе қиын болады. Аяғың аспаннан келеді. 

Жүрегім нәзік адаммын. Біреу бетіме қарап: "Жаным, не болды?", - десе жылап қаламын. Бірақ Алла мені басқа Наркенже қылды. Айналама, бауырларыма, анама қарайласа бастаған соң бәрі реттелді. Кезіндегі істеген қателіктеріме іштей өкінемін. Анам үнемі: "Айтып жүрген термеңе сай бол" дейтін", - деді әнші. 

Айта кетелік, бұған дейін әнші өзінің өте ерке болып өскенін жеткізген еді.