«Қазақстан» шахтасындағы өрт оқиғасын тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы тағы 10 күнге ұзартылды.
Шахтада әлі өрт сөндірілуде.
Қазақстан шахтасында өрт оқиғасын тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы 10 күнге ұзартылды , деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл туралы ТЖМ өкілі мәлімдеді.
Еске сала кетейік, "Қазақстан" шахтасында 17 тамызда көмір еңісін игеру кезінде конвейер лентасы өртенді. 5 кенші қайтыс болды. Қалған 222 кенші эвакуацияланған еді.