Қоғам

Қазақстандық журналист кішкентай қызымен бірге Түркияда жол апатынан қайтыс болды

Антальяда болған жол апатынан 3 адам қайтыс болып, 17 адам жарақаттанған.

Атыраулық журналист Арайлым Бағытжат 2 жасар қызымен бірге Түркияда жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Оқиға Түркия мемлекетінің Анталья қаласында болған. Атырау әкімінің орынбасарының сөзінше журналисттің қасында кішкентай қызы мен күйеуі болған.  Күйеуі қазіргі таңда ауыр хәлде ауруханада жатыр. 

Антальяда болған жол апатынан 3 адам қайтыс болып, 17 адам жарақаттанған. 

Еске сала кетейік, ерекше баланың анасы, журналист Арайлым Бағытжан  "Зейін Атырау" орталығын негізін қалаушысы болып қызмет еткен.