Қоғам

Сыныптасы: жастайынан жетім қалған қос қызды туған ағасы құлдықта ұстап отыр

Қос қыздың бұлай өмір сүріп жатқанына 17 жыл болған.

Отырар ауданына қарасты ауылда туған ағасы  қос қызды құлдықта ұстап отыр деп хабарлайды, KYN.KZ  тілшісі "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Қыз баланың бірінің есімі Құндыз. Жасы 27-де . Отырар ауданына қарасты ауылда тұрады. Құндыздың қасында Назгүл есімді әпкесі бар. Сыныптастарының айтуынша жетім қалған қос қыз туған ағасы өз қамқорлығына алған. Бірақ, қамқор болудың орнына ағалары апалы-сіңлілерге қой бақтырып, құлдықта ұстайды дейді ескі құрбылары.

 

Апалы - сіңілі Назгүл мен Құндыз мал қорда тұрады екен. Екі қыздың да ақыл-есінде кемістік бар көрінеді.