Басты жаңалықтар

Алматы қаласында түнде атыс болды

Екі адам атыс салдарынан жараланды

Алматы қаласында атыс болып, екі адам жараланды деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Оқиға "Сансет" мейрамханасында түнгі сағат 00:30 шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, бетперде киген 4 адам келіп, Макаров тапаншасынан оқ жаудырған. Бір адам  асқазанынан, екінші адам аяғынан жараланған. Қазіргі таңда бұған жауапты қызметкерлер деректі Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция бөлімі тіркеп, тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.