Илья Ильин болашақ сәбиіне арнап "гендер-пати" жасады
Спортшының жұбайы қыз бала күтіп жүргені белгілі болды
Танымал спортшы Илья Ильиннің қазіргі жұбайының аяғы ауыр. Ауыр атлет болашақ баласының ұл болатындығына сенімді болғанын жасырмады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бірақ шара барысында белгілі болғандай, арнайы аппарат іштегі баланың жынысы - қыз екенін анықтап, белгілеген.
Айта кетсек, 2017 жылы Илья Ильин бірінші жұбайы, гандболшы Наталья Кулаковамен ажырасқан болатын. Олардың арасында Милана есімді қыз бала бар. 2023 жылы қаңтар айында спортшы қайта шаңырақ көтерді. Бизнесвумен Наталья Гордиенко Ильиннен 9 жас үлкен екені белгілі.