Ақтөбе облысында үш ауыл тұрғындары газдан уланып, ауруханаға түсіп жатыр
Газдан уланған 8 адам ауруханаға жөнелтілді.
Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылының тұрғындар газдан ұланды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 4 қыркүйек кешкі сегіздер шамасында Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши тұрғындары газдың өткір иісіне шағымданған.
Алайда Кеңқияқ ауылының ауруханасына 8 тұрғын газдан улану белгілерімен жүгінген. Қазіргі таңда алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай бақылауда, деді әкімдіктегілер.