Марат Ахметжанов енді Ақмола облысын басқарады
Ол бұған дейін Ішкі істер министрі қызметінде болды
Президент жарлығымен Ақмола облысының жаңа әкімі болып Марат Ахметжанов тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысын 2019 жылдан бері басқарып келген Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі болып тағайындалған еді. Ал Марат Ахметжанов 2 қыркүйекте еліміздің Ішкі істер министрі қызметінен босатылған болатын.