Әлем чемпионатының жүлдегерінің еміне көмек керек
Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері өмір үшін күресіп жатыр.
Әлем чемпионатының жүлдегерінің Елена Кольцованың еміне көмек керек, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасы.
Бокстан ерекше көзге түсіп, әлем чемпионатында жүлдеге ие болған Елена Кольцова қазір өмірі үшін күресіп жатыр. Денесін қимылдатып, мүлде сөйлей алмай қалған спортшының жағдайы қиын. Күйеуінің айтуынша Өзбекстанда емдеуге болады.
Боксышының бұл жағдайына спорттың қатысы жоқ екен. Бұл ауыру кейіннен барып пайда болған. Екі балалы анаға өмір сыйлау үшін оның отбасы жомарт жандардан көмек сұрайды. Емге қажетті сумма 4.5 млн тенге.
Айта кетейік, Елена Кольцова әйелдер арасындағы бокстан Қазақстанның үш дүркін чемпионы.