Саясат

Ауыл шаруашылығы министрі Қарашокеев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

Ербол Қарашокеев  2021 жылы қыркүйектен бері ауыл шаруашылығының министрі болған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  жарлығымен Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ербол Қарашокеев  2021 жылы қыркүйектен бері ауыл шаруашылығының министрі болған. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты тәмамдаған . Қызметін 1998 жылы статистика агенттігі талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған.