Қоғам

Александ Орлов: Мен артық салмағы бар адамдарды жұмысқа алмаймын

Кәсіпкердің пікірінше егер олар өз денелерін басқара алмаса, онда олар жұмысты да басқара алмайды.

Қазақстандағы мейрамханалар желісіне ие  ресейлік кәсіпкер Александр Орлов блогер Ұлықбек Шәріповке берген сұхбатында жұмысқа қабылдау кезінде адамның артық салмағы барларды жұмысқа қабылдамайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Ұлықбек Шәріпов ресейлік кәсіпкерден жұмысқа орналасу кезінде адамның қандай қасиеттерге назар аударатынын сұрады.

"Бұл хайп емес. Менің ойымша, менің көптеген достарым, таныстарым бар, олар бұған келіседі. Артық салмағы бар адамдар,  өзіне қарамаған адамдар, жұмысқа қабылданбағаны дұрыс, бұл қауіпті", - деді ресейлік кәсіпкер.Оның пікірінше, егер олар өз денелерін басқара алмаса, онда олар жұмысты да басқара алмайды.