Жамбылдағы жарылыс: кінәлілер 13 жыл сотталуы мүмкін
Сарбаздардың ата-аналары бұны қолдан жасалған жала дейді.
Әскери қойманы әдейі өртеді деген айыппен Жамбыл облысында екі сарбаз айыпталып, 13 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасы.
Осыдан 2 жыл бұрын Байзақ ауданында болған жарылысқа қатысты осындай жаза кесу сотта сұралды. Айыптаушылар күдікті сарбаздарды матаны өртеп, оқ-дәрілер бар жерге әдейі өртеу үшін лақтырған дейді. Жауынгерлердің бұл әрекетті жасауының себебі сол жердегі штаб бастығымен болған араздық.
Сарбаздардың ата-аналары бұны қолдан жасалған жала дейді. Осыдан 2 жыл бұрын 17 адамның өмірін қиған жарылыс, 25 млрд шығын әкелген. 100-ге жуық адам жараланған еді.
Айта кетейік, бұл оқиғаға тек сарбаздар емес, оған жауапты 4 офисер айыпты деп танылған. Салғырттық және қару-жарақты сақтауда қауіпсіздік ережелерін ескермеу бабымен жауап беруде