Ақтөбеде қайтыс болған ерлі-зайыптыны туған ұлдары өлтірген
Ер адам зейнет жасындғы ата-анасымен жанжалдасып, соңында екеуін азаптап өлтірген
64 жасар әкесі мен 70 жасар анасын өлтірде деген айыппен туған ұлы күдікті болып қамалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасы
4 қыркүйек күні қаза тапқан зейнет жасындағы ерлі-зайыптының денесін қызы тауып алған. Мәйіт бір күн бойы тұрып қалған. Қоңырау шалып ала алмаған соң үйіне келіп көруді шешкен қызы қайтыс болған зейнеткерлерге көреді. Күдікті ұзаққа созылмай табылды. Ол қайтыс болған зейнеткерлердің туған ұлы екен. Ішімдік ішіп, мас болған ұл өз ата-анасын өлтіреді. Үйдегі кезекті жанжалдың соңы осындай қайғылы оқиғаға алып келген.