Денсаулық

Үй жағдайында ешқандай дәрі-дәрмексіз бас ауруынан құтылудың 7 жолы

Айтылған әрекеттерді жасап ауырсынудан құтылыңыз.

Басыңыз үнемі ауырып, жайсыз сезініп жүретін болсаңыз мына ұсынылған әрекетті міндетті түрде жасаңыз. Бас ауырсынуынан құтылудың 7 түрлі тәсілі: 

Уақытылы ұйқы. Адам ағзасы ұйқыны қажет етеді. Ұйқы дұрыс болмаса тек қана басыңыз емес басқа да ағзаңыз сыр береді. Ұйқының дұрыс болуы, адам үшін өте маңызды. Уақытылы ұйқы- жақсы өмір кепілі. 

Массаж жасау. Бастың ауырсынуының тағы да бір себебі қимыл-қозғалыстың болмау немесе тым аздығы. Осы тұста басыңызды, мойыныңызды, құлақтарыңызбен қоса қолдарыңызбен массаж жасаңыз. 

Таза ауа жұтып, серуендеу. Кейде бас ауыруы қандай бір себептер емес дұрыс таза ауа жұтып, демалудың жетіспегенінен болады. Күнделікті тіршілік адамға емін-еркін демалуына рұқсат бермейді. Сондықтан, бір сәт таза ауа жұтып серуендеген абзал. 

Жылы ванна қабылдау. Суға түсуде ауырсынуды басып, адам өзін жақсы сезінуіне көмектеседі . 20 минут бойы қалыпты температурада ванна қабылдау сізге көмек берері сөзсіз. 

Газсыз су ішу. Адам ағзасы күнделікті суды қажет етеді. Сол су арқылы ағзада айналым жүреді. Күнделікті адам салмағына қарай су ішпесе ағза кешегі, алдынғы күндегі суды пайдаланыз. Солай сізде әлсіреу, ауырсыну болады. 

Тыныш уақыт өткізу. Бұл ешқандай шусыз, ұялы телефонсыз тек жай өзіңізге еш жүк арқаламай, ештеңені ойламай демалатын уақыт. Шамадан тыс ойлану, үнемі жұмыс жасау адамның бас ауруын арттырады.