Италия Қазақстанда киім өндіру саласында сауда жұмысын арттыруға ниетті
Премьер-министрі Әлихан Смайылов Италияның Сыртқы істер министрі Антонио Тайани кездесті.
Премьер-министрі Әлихан Смайылов Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары – Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Тайанимен кездесті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі .
Қазіргі таңда Италия Қазақстанның әлемдегі ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіретінін және ЕО елдері арасында бірінші орынды иеленетінін атап өтілді. Өткен жылы екіжақты тауар айналымы шамамен 5 15 млрд-қа жетіп, 55% өскені айтылды.
Соңғы 17 жылда инвестициялардың жалпы ағыны 7 7,3 млрд-қа жетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша олардың көлемі 2,5 есеге жуық өсіп, шамамен 3 300 млн құрады. Әлихан Смайылов Италияның Астанадағы елшілігінің жаңа кеңсесінің ашылуын құптады.