Мәдениет

Ninety one тобының концертіне VIP билет 1 млн тенгеге сатылған

Фуршет, тамақ , ыңғайлы орын VIP билетте қарастырылған.

Атақты жігіттерден құралған 91 тобының VIP билеті 1 млн тенгеге сатылған деп хабарлайды, NTK Entertainment

Елімізге жаңа бағыттағы ән мен клипті алып келген 91 тобының концертінде  бағасына қарамай сатылған билеттің бәрі өткен. Әншілер билет бағасына араласпайтындарын жеткізді.

Бұл концертке 9 мыңдай көрермен келген. Бұл концертті көруге келген танымал жұлдыздар да көп болған. 

Айта кетейік, Ninety One тобы құрылған кезден бастап халықтың назарында жүрген топ. Алғашқы әндері мен бейнебаяндары "Айыптама" деп аталады. 2015 жылы құрылған бұл топқа қазір 8 жыл. Бастапқыда 5 жігіт болып ән айтуды бастаған жігіттер, қазір 4 адам болып жалғастыруда.