Елімізде 10 есірткіге тәуелді шенеулік жұмыстан қуылды
- автор Akarman K
- 6 қыркүйек, 2023
- 2.9k
Мемлекеттік қызметкерлер арасынан есірткіге тәуелді адам жұмысынан қуылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі ulysmedia сілтеме жасап.
ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов қазір мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметкерлерге есірткі қолдану фактісін анықтау мақсатында жаппай скринингтен өткізу пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатқанын айтты.
"Әскери және мемлекеттік қызметшілер де адамдар. Олардың арасында есірткіні қолдана алатындар да бар. Нашақорлыққа тәуелділік бұл қылмыс емес, бұл да құмар ойындарға тәуелділер сияқты аурудың бір түрі. Ал оларды анықтау үшін скринингтік тестілеуге жүгінеміз", - деді .
Айта кетейік, биыл полицейлердің арасынан есірткіге тәуелді үш қызметкердің бары анықталған. Денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, есірткіге тәуелді 18 200 адам есепте тұр. Оның ішінде 1500-і әйел және 100-ге жуығы кәмелетке толмағандар.