Елімізде 10 есірткіге тәуелді шенеулік жұмыстан қуылды
Әмірханов: Мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметкерлерге есірткі қолдану фактісін анықтау мақсатында жаппай скринингтен өткізу пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Мемлекеттік қызметкерлер арасынан есірткіге тәуелді адам жұмысынан қуылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі ulysmedia сілтеме жасап.
ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов қазір мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметкерлерге есірткі қолдану фактісін анықтау мақсатында жаппай скринингтен өткізу пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатқанын айтты.
Айта кетейік, биыл полицейлердің арасынан есірткіге тәуелді үш қызметкердің бары анықталған. Денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, есірткіге тәуелді 18 200 адам есепте тұр. Оның ішінде 1500-і әйел және 100-ге жуығы кәмелетке толмағандар.