"Бұл жолы ортаншы ұлы": Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы көшеде бойжеткенге қол көтерді деп айыпталды
Жәбірленуші әлеуметтік желіде денесіндегі жарақатты көрсетті
Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлы да көшеде әйелді ұрған, деп жазады KYN.KZ тілшісі
«Ешқандай ерекше ештеңе жоқ. Instagram желісінде бір әйел өзін ұрып-соққан видеосын жариялады. Тағы да сол депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлдары. Бұл жолы ортаншы ұлы», - деп жазды журналист Михаил Козачков сәрсенбі күні өзінің Telegram-арнасында.
Видео кадрды Instagram желісінде _eva._t есімді қолданушысы жариялаған.
«Депутаттардың ұлдары әкесінің атын осылай қорлайды! Бір де бір қыз Тұрлыханов Әкежан Дәулетұлы деген адаммен байланыспайды деп үміттенемін», - деп жазды әйел.
Сондай-ақ денесіндегі жарақат пен көгерген жерлерін көрсетті.
Видеоның толық нұсқасын Telegram арнамыздан мына сілтеме арқылы көре аласыз.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда адвокат Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Черновқа шабуыл жасалған болатын. Шабуыл жасаған адам депутат Тұрлыхановтың ұлы әскери қызметкер Нұрасыл Болат екені кейін анықталып, 3 шілдеде Болат ұлының әскери бөлімнен қашып кеткені белгілі болды. Кейін бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі ресми түрде растады. 4 шілде күні таңертең қорғаныс ведомствосы Нұрасыл Болатты әскери полиция қызметкерлері тауып, бөлімшеге жеткізгенін хабарлады. 4 шілдеде Тұрлыханов тергеуде жатқан ұлымен мақтанатынын айтты.