Басты жаңалықтар

Ардақ Назаров мәжіліс залында аяқ киімін шешіп тастап жұмысқа кірісіп кетті (фото)

Депутаттың бұл фотосуретін сыныптасы өз инстаграм парақшасында бөліскен.

Әлеуметтік желіде Ардақ Назаровтың мәжіліс залында аяқ киімін шешіп тастап отырған фотосуреті тарады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Депутаттың бұл фотосын журналист Гүлбану Әниятқызы инстаграм парақшасында бөлісті. "Бүгінгі мәжіліс отырысы. Бір депутат аяқ киімін шешіп, кірісіп кетіпті. Кім таныды",-деп журналист жазба жариялаған. 

Желі оқырмандары Ардақ Назаров екенін бірден таныды. Журналист пен депутат сыныптас екен. Оқырмандары "сыныптасыңызға тыныштық бермедіңізғой" деп әзілдеуде. 

Айта кетейік, "Адамдардың жақсысы- адамдарға пайдалысы"- ұстанымын берік ұстанатын Ардақ Назаров инстаграм парақшасына қоғамдық мәселелерді көтеріп отырады. Парақшасында 1 млн оқырманы бар.