Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көп әйел алғандар мен жүзін тұмшалағандар жауапқа тартылады

Көп әйел алғандар мен жүзін тұмшалағандар жауапқа тартылады
stylishbag.ru
Депутаттар: бұл заң жобасы ұлтаралық келісім мен әйелдер құқығын қорғауға қызмет етеді

Өзбекстанда депутаттар көп әйел алғандарды және жеке басты анықтауға кедергі келтіретін киім кигендерді жауапкершілікке тартуды қарастыратын заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Қылмыстық кодекске және әкімшілік жауапкершілік кодекске енгізілген түзетулер Өзбекстанның зайырлы мемлекет ретінде Конституциямен бекітілген анықтаманың құқықтық базасын құрады, делінген заң шығарушы палата хабарламасында.

"Екі және одан да көп әйелмен бірге тұруды насихаттаушыларға, әйелдер мен ер адамдардың тең құқықтарын ашық түрде жоққа шығарғуға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған", делінген құжатта.

Депутаттар қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Өзбекстанда діни рәсімдер бойынша жасалатын неке саны артып келе жатқанын, осыған байланысты көп әйел алу жағдайларының да қарасы ұлғайғанын атап өтті. Елде көп әйел алуды және оның "артықшылықтарын" насихаттау қарқын алуда. Нәтижесінде некесіз туылған балалардың саны да артуда.

Сонымен қатар, Өзбекстанда қоғамдық орындарда "азаматтардың жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киім" кигені үшін әкімшілік жауапкершілік шарасы енгізілуде.

"Дегенмен бұл ретте артықшылық берілетін тұс бар. Медициналық нұсқаулық негізінде немесе еңбекпен байланысты жабылу, бірақ сәйкестендірілетін жағдайға кедергі келтірмеу болса, мысалы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы бас киімдер немесе спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар кезінде және заңмен рұқсат етілген басқа жағдайларда", делінген хабарламада.

Депутаттар бұл заң жобасын қабылдау ұлтаралық келісімді, діни төзімділікті және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі күш-жігердің тиімділігін арттыруға қызмет ететінін атап өтті.

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар