Көп әйел алғандар мен жүзін тұмшалағандар жауапқа тартылады
Депутаттар: бұл заң жобасы ұлтаралық келісім мен әйелдер құқығын қорғауға қызмет етеді
Өзбекстанда депутаттар көп әйел алғандарды және жеке басты анықтауға кедергі келтіретін киім кигендерді жауапкершілікке тартуды қарастыратын заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Қылмыстық кодекске және әкімшілік жауапкершілік кодекске енгізілген түзетулер Өзбекстанның зайырлы мемлекет ретінде Конституциямен бекітілген анықтаманың құқықтық базасын құрады, делінген заң шығарушы палата хабарламасында.
Депутаттар қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Өзбекстанда діни рәсімдер бойынша жасалатын неке саны артып келе жатқанын, осыған байланысты көп әйел алу жағдайларының да қарасы ұлғайғанын атап өтті. Елде көп әйел алуды және оның "артықшылықтарын" насихаттау қарқын алуда. Нәтижесінде некесіз туылған балалардың саны да артуда.
Сонымен қатар, Өзбекстанда қоғамдық орындарда "азаматтардың жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киім" кигені үшін әкімшілік жауапкершілік шарасы енгізілуде.
Депутаттар бұл заң жобасын қабылдау ұлтаралық келісімді, діни төзімділікті және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі күш-жігердің тиімділігін арттыруға қызмет ететінін атап өтті.