Қоғам

"Әжесін сағынған": Шымкентте жоғалған 10 жасар бала табылды

Тәртіп сақшылары жарты күн бойы іздеген.

Шымкент қаласында 10 жастағы бала ойнаймын  деп  кетіп қалған үйіне оралмаған. Баланы анасына табыстады,деп хабарлайды Polisia.kz.

10 жастағы бала  ойнауға үйінен шығып кетіп, қайта келмеген.  Біраз уақыттан кейін анасы іздеп,баласын достарынан, көршілерінен сұрастыра бастаған. Әйел өзі іздеп таппаған соң, түнде полициядан көмек сұраған.

Тәртіп сақшылары жарты күн бойы іздеген. Бейнекамераларды қарау арқылы баланың адресін тапқан. 10 жасар бала өзі тұратын жерден  10 км қашықтықта, қаланың шетіндегі әжесінің үйіне жаяу жеткені анықталды. Бала анасымен аман-есен қауышты. Бұл әрекетке әжесін қатты сағынғандықтан барғанын айтты.