Министр: АЭС бойынша референдумға жұмсалатын шығын 16 млрд теңгеден аспайды
Бұл жолы былтырғы референдумға бөлінген қаржыдан аз ақша бөлінеді
Атом электр станциясын салу не салмау мәселесі бойынша өтетін референдумға былтырғы референдумға бөлінген қаражаттан аз ақша бөлінеді. Бұл туралы вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Мәжіліс кулуарында журналистер АЭС құрылысы бойынша референдумды өткізуге қанша қаражат жұмсалатынын сұрады.
Осы орайда БАҚ өкілдері оған шығын мөлшері былтырғы референдумнан аспауы мүмкін бе деп сұрады. Айта кетері, 2022 жылы Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды өткізуге бюджеттен 16,4 млрд теңге бөлінген болатын.
Атом электр станциясын салу мәселесі шығарылатын референдумның нақты қай күні өтетіні әзірге белгісіз.