Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жаңа министрліктерді құруға бюджеттен қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды

Жаңа министрліктерді құруға бюджеттен қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды
Ашық дереккөзі
Жаңа министрліктер бір айдың ішінде бөлінеді

Жаңа министрліктерді құруға бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Бұл туралы вице-премьер-қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Айтуынша, жаңа министрліктер бір айдың ішінде бөлінеді. Содан кейін қосымша шығындар есептеледі.

"Жаңа министрлік деген аты ғана болмаса, олар ескі министрліктерден бөлініп шыққан ведомстволар. Сондықтан біздің позициямыз – қазіргі бар қаражат көлемінде бөлу. Әрбір министрліктің әр салаға бөлінген қаражаты бар, сол қарастырылған қаражатын бөліп алады. Ал әкімшілік шығыстарды адам саны қалай бөлінеді, солай бөлеміз", - деді Жамаубаев мәжіліс кулуарында.

Ол әкімшілік шығыстар болмашы ғана екенін атап өтті.

Сондай-ақ вице-премьер жаңа министрліктер бұрынғы ғимараттарында қала беретінін айтты.

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар