Өзара сәйкестігі ең жоғары жұлдыз белгілері анықталды
Болашақ жарыңызды таңдамас бұрын жұлдыз белгісіне мән беріңіз
Екі адамның ортасында махаббат оты тұтанып, екі жарты бір түтін болуына өзара түсіністік пен сыйластық маңызды екені белгілі. Бірақ жұлдыз белгілерінің сәйкестігі де маңызды рөл атқарады.
Тоқты. Тоқтылар Арыстан, Мергендермен қатынаста өздерін жайлы сезінеді. Суқұйғыштардан дүниеге философия тұрғысынан қарауды үйренсе, жанында Егіздер немесе Таразы болғанда бойы күш-жігерге толады.
Торпақ. Торпақтар өз жұлдыз белгісі өкілдерімен жақсы тіл табысады. Сонымен қатар ақылды Бикеш, Тауешкілермен жарасымды жұп бола алады. Шаян, Сарышаян, Балықтарға деген сезімдері күшті әрі терең.
Егіздер. Мінездері қарама-қайшы Егіздерді әлсіздігі үшін қамқорлық танытатын Суқұйғыштар мен Таразылар түсіне біледі. Тоқты, Арыстан, Таразы сынды отты жұлдыз белгілері өкілдерімен қарым-қатынас өмірге өзгеше көзбен күле қарауға көмектеседі.
Шаян. Арманшыл әрі сезімтал Шаяндар Сарышаяндар мен Балықтардан қолдау табады. Ал Торпақ, Бикеш және Тауешкілермен қатынаста жаны тыныштанып, сенімділік пен тұрақтылыққа иеленеді.
Арыстан. Қашанда тәкаппар және елеулі Арыстандар отты жұлдыз белгісі өкілдері Тоқты, Арыстан, Мергендермен жарасымды жұп құра алады. Ал Егіздер, Таразы, Суқұйғыштармен қарым-қатынас өмірлеріне қуаныш пен жағымды көңіл-күй сыйлайды.
Бикеш. Сабырлы және сақ жүретін Бикештер өзін басқа Бикештер, байсалды Торпақтар, Тауешкілермен бірге жақсы сезінеді. Шаян, Сарышаян, Балықтармен қарым-қатынас үнемі жағымды болмағанымен, оларды үйлесімді жұп бола алады.
Таразы. Кез-келген адаммен тез тіл табысатын Таразылар Егіздер, Суқұйғыш, Таразылармен түсіністік пен қуанышқа толы қатынас құрады. Және Тоқты, Арыстан, Мергендердің жүрегін жаулап, сезімін оята алады.
Сарышаян. Болмысы жұмбақ әрі ақылды Сарышаяндардың Шаян, Балықтармен қарым-қатынасы үйлесімді сипат алады. Себебі олар үнемі қолдау білдіруге дайын. Ал Торпақ, Бикеш, Тауешкілердың сабырлылығы, түсіністігі себепті аяққа нық тұрып, өзіне сенімі арта түседі.
Мерген. Өзімшіл Мергендердің өзге Мергендермен, белсенді Тоқты, Арыстандармен қатынасы сәтті болмақ. Және Егіздер, Таразы, Суқұйғыштармен жақсы тіл табысады. Олар кемшіліктеріне көз жұмып, жұмсақ мінез танытып, дұрыс бағдар нұсқай біледі.
Тауешкі. Парасатты Тауешкілер Торпақ, Бикеш, Тауешкілермен қатынаста өздерін жақсы сезінеді. Себебі араларында ортақ дүние көп. Ал жан-жүрегі терең Шаян, Сарышаян, Балықтармен қарым-қатынас ләззат сыйлайды.
Суқұйғыш. Еркіндікті сүйетін Суқұйғыштар Егіздер, Таразы, Суқұйғыштармен жарасымды жұптасып, қарым-қатынастарында жұмсақ мінезге иеленіп, тыныштанады. Ал Тоқты, Арыстан, Мергендермен өткен әр сәті – жағымды, қуанышқа толы.
Балықтар. Арманшыл және үнемшіл Балықтар су белгілері Шаян, Сарышаян, Балықтардан түсіністік пен қолдау табады. Ал Торпақ, Бикеш, Тауешкілермен жақындық өмірде елене бермейтін дүниелерге қуана білуге үйретіп, тыныштық сыйлайды.