Басты жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Алматы облысындағы колледжінен айырылды

Оқу орны Шамалғанда орналасқан

Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаева Алматы облысындағы колледжінен айырылды, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Пятый регион" сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, мамырдың аяғында Шамалғанда орналасқан "Үшқоңыр су шаруашылығы колледжін" мемлекеттік меншікке қайтару туралы сот отырысы өтті. 2022 жылы қыркүйекте облыстың қаржы басқармасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Әбішқызы Назарбаеваның мекемесі "Әнипа" ЖК-ға үстінен сотқа арыз жазды. Колледж бұл компанияға өндіріп алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.