Мәдениет

"Талғамың жоқ па?": Актер Рамазан Амантай әйеліне теріс пікір жазушылар көп екенін айтты

Рамазан Амантайдың толықтығына қатысты айтылатын теріс пікір әлі күнге дейін тоқтамаған

Актер Рамазан Амантай өзінің толықтығына қатысты сын айтатын адамдардың көп екенін айтты. Өнер иесі "Еркін подкаст" бағдарламасында хейтерлерінің әйеліне де теріс пікір жазатынын баяндап берді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Сонымен қатар актер келіншегін түсірілім алаңына алып барған кезде танымал актрисаның да әйелінен "Неге тұрмысқа шықтың?" деп сұрағанын баяндап берді.