Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Әркім өзінше бақытты болады": Балжан Бидаш Жахан Утаргалиевпен айырылысып кеткенін мәлімдеді

"Әркім өзінше бақытты болады": Балжан Бидаш Жахан Утаргалиевпен айырылысып кеткенін мәлімдеді
Ашық дереккөзі
Балжан Бидаш: Сіздер шындықты білуге лайықсыздар

Актер Жахан Отарғалиевтің әлеуметтік желідегі жазбасынан соң көпшілік Балжан Бидаш екеуінің айырылысып кеткенін болжаған болатын. Әнші Балжан Бидаш бұл ақпаратты растап, актермен екі жаққа кеткенін мәлім етті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Біраз уақыт бұрын Жахан Отарғалиев Instagram парақшасында жұбайы Балжан Бидашпен түскен видеоны жариялап, "Бәрі бітті" деп жазып қойған болатын. Ал Балжан Бидаш бұл ақпаратты растап, Жахан Отарғалиевпен екі жаққа кеткенін растады. 

"Сіздер шындықты білуге лайықтысыздар. Осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан "рас па, өтірік па" деген ақпаратты "Біз екі жаққа кеттік" деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін. Бұлай болғанына қарамастан, Жаханның әр бастамасын, шығармашылығын қолдаймын. Ешкімнің ала жібін аттамайтын, қазақ киносынан өз орнын тапқан еңбекқор, қайсар жан. Маңызды кезде жаныңда бола алмасам да, әрқашан қолдаймын. Саған сенемін. Бастысы халық қолдасын", - деп жазды Балжан Бидаш Instagram парақшасында. 

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар