Өмір бойы бас бостандығынан айыру: Қазақстанда педофилдерге жаза күшейтіледі
- автор Аяулым Изатқызы
- 7 қыркүйек, 2023
- 4.1k
Қазақстанда педофилдерге жаза күшейтілмек. Енді оларды өмір бойы бас бостандығынан шектеу жазасы ұсынылып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы төменгі палатаның кезекті отырысында айтылды. Бастаманы мәжілісмендер әзірлеп, Үкіметке ұсынбақ.
Демалыстан соң қызметке білек сыбына кіріскен депуттар бірнеше заң жобасын қарауға алды. Қатарында Салық кодексін қолданысқа енгізу, жолаушылар тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды өзгерту сынды маңызды құжаттар бар. Мәжілісмендер педофилдерді бас бостандығынан шектеу мәселесімен де айналысып жатқан көрінеді. Асхат Аймағамбетов айтқан жобада аурухана мен дүкендерде тұратын лотоматтарды алып тастау ұсынысы бар.
"Өте маңызды заң жобаларын дайындап, Үкіметке қорытындыға жібереміз. Соның ішінде өте маңызды нормалар бар. Біріншіден, педофилдердің өмір бойы қамау, оларды тиісті стерилизациядан өткізу мәселесі де айтылды", – деді мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.