Бурабайдағы Rixos қызметкерлері жаппай астан уланды
Санитарлық дәрігерлер 17 қызметкердің бактериялық ішек инфекциясын жұқтырған дейді.
Бурабайдағы Rixos қонақ үйінде қызметкерлер жаппай астан уланды деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.
Барлығы бірге тамақтанған қызметкерлер астан уланған. Дәрігерлер бактериялық ішек инфекциясы деген диагноз қойды. Жұмысшылардың неден уланған әлі нақты емес. Тиісті орындар қазір анықтау үстінде.
Санитарлық дәрігерлер 17 қызметкердің бактериялық ішек инфекциясын жұқтырған дейді. Қазір 8 адам үйіне жіберілген.