Бағжан Октябрь: Атақты болып, сахнада жүріп, сосын артыңда үйің жоқ, балаң жоқ боп қалудан қорқамын
Махаббатқа бола музыканы тастай алмайтынын айтты.
Бағжан Октябрь атақты болып, сахнада жүріп, сосын артыңда үйің жоқ, балаң жоқ болып қалудан қорқатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында өз жайлы ашыла айтқан жұлдыз, қорқыныштарымен бөлісті. Басты рөлге атақты емес, отбасыны қоюымен көпшілікті сүйсіндірді. Анасына деген махаббатын, отбасы, қарындастары, әкесі жайлы айтқан жұлдызды үйіне өте жақын бауырмал екен деп баға беруде халық.
Айта кетейік, Бағжан Октябрь инстаграм желісінде өте белсенді. 600 мыңнан астам оқырманы бар.