Блогер Zheka үйлену тойын дүркіретіп жасауда( видео)
Блогер Zheka жарымен мұсылманша некесін 5 тамызда қиған.
Блогер Zheka бүгін үйлену тойын дүркіретіп жасауда, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі
Әлеуметтік желіде 3 млн оқырманы бар Zheka_Fatbelly бүгін үйлену тойын ерекше етіп жасап жатыр. Үйлену тойдан видеоларды инстаграм парақшасына жүктеген.
Жеңістің қалыңдығының есімі Бекзада. Орамалдағы аруға үйленген Жека некелерін 5 тамызда қиған еді. Үлкен тойы бүгін, дәл қазіргі сәтте ерекше стильде өтуде.
Тойда танымал блогерлер төбе көрсетуде. Айым Сейтметова жұбайымен, Жансерік Қадірбаев, Юсупов Арман жарымен, Дархан мен Дарикорн, Есентай мен Разия т.б.
"Той құтты болсын", "қатты дайындалғаны көрініп тұр", "бақытты болыңдар", "Жастарға бақыт", "қандай күшті, неге мен жылап жатырмын", "талантты адам","+1 арман", деп оқырмандары өз пікірін білдіруде.