Басты жаңалықтар

Ақтөбеде скутер жаяу жүргіншіні қағып, өлтіріп қойды

Оқиға кеше 18:00 шамасында болған.

Ақтөбеде скутер жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі police.kz сілтеме жасап.

Ақтобе қаласында 8 қыркүйекте Жиенбаев көшесінде жол-көлік оқиғасы болды. 30 жастағы скутер жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға шамамен 18:00-де болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 42 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.