Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Роза Рымбаеваның келіні енесінің қамқорлығын айтып жылап қалды

Роза Рымбаеваның келіні енесінің қамқорлығын айтып жылап қалды
Инстаграм парақшасынан алынды
Ақерке Бүркітбай: мен бақытты адаммын.

Мамский әңгімеде берген сұхбатында Роза Рымбаеваның келіні босанып келгеннен кейінгі енесінің қамқорлығын айтып жылап қалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Роза Рымбаеваның тұңғыш ұлы Әли Оқаповтың жары өздері секілді  әнші. Асыл тобының мүшесі Ақерке Бүркітбай ене Роза Рымбаева, әже Роза жайлы айтып берді. 

"Қырық күнге дейін тамағымлы дайындап, сорпасын дайындады. Шынымды айтқанда  қазанымен тамақты үйінен көтеріп алып келіп берген кездер болды. Осы сәт көзіме жас келтіреді. Өте үлкен қолдау болды анамыздың жағынан. Сен барып демала тұр, мен балаға қарай тұрамын дейтін",-деді Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай. 

"Ананы ана ғана түсінеді. Ер адамдар мүлде түсінбейтін кездер болады. Өмірің бұрыңғыдай болмайтын сияқты. Ішің алай-дүлей болған сәтте анам үлкен қолдау көрсетті. Сөзбен де іспен де",- деді Ақерке босанғаннан кейінгі сәттерін есіне алып. 

Барлық ененің бұлай қолдау білтірмейтінін айтты. Күйеуі, қайын інісінің үнемі балаға қарасатынын жеткізді. Өзінің бақытты адам, ана, әйел, келін екенін айтты.

Ақерке Бүркітбайдың бұл сұхбатын көрген көрермендер қандай салмақты, өте білімді, әдемі әрі анық сөйлейтінін айтып, сыпайылығына, қарапайымдылығына таң қалуда. Нағыз Роза Рымбаева лайықты келін дейді. 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар