Мадина Садвақасова: Қалай болса да мен қазір күйеуімнің айтқанымен жүремін
- автор Akarman K
- 10 қыркүйек, 2023
- 6.9k
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Садвақасова қалай болса да күйеуінің айтқанымен жүретінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Әнші мамский әңгімеге берген сұхбатында күйеуінің айтқанын тыңдайтынын жеткізді. Отбасысы, баласы, жары, енесімен қарым-қатынасы жайлы сөз етті. Танымал тұлға Қабдеш Жұмаділовтың келіні Мадинаның бала тәрбиесіндегі ұстанымдарымен бөлісті.
Күйеуінің қасында өзін кішкентай қыздай сезінетінін, қалай күйеуімен қарым-қатынасы басталғанын сұхбатта айтып берді. Күйеуінің қасында ер адамдардың жүруіне қарсы болып, қазір қасында сіңілісінің күйеуі жұмысқа көмектесіп жүретінін жасырмады.
"Мен Олжастың айтқанымен жүрмін негізі.Өзінің бір нормасы бар. Сол нормадан шықпауға тырысып жүрміз",- дейді Мадина.
Сұхбатта көпшілік Мадинаны жаңа қырынан танығанын жазып жеткізді. Өте әдемі, шынайы, қылықты екен дейді олар. Сөйлеген сөздерін тыңдай беруден жалықпайтындарын жазды.