Күн бұлтты, жаңбыр жауады: 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжанды
Астанада кешкісін жаңбыр жауады.
"Қазгидромет" РМК синоптитері 11қыркүйек дүйсенбі күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Синоптиктердің болжауынша,11.09.2023 елімізде ауа райы қолайсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап ауа температурасы төмендейді.
Астанада кешкі 7 мен 10 арасында жаңбыр жауады деп болжау жасалды.Күндіз ауа температурасы ең жоғарысы +19 аралығында болса, түнде +9 аралығы.
Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы ең жоғарысы +33 көрсетсе, ең төмені +18 деп күтілуде.
Шымкентте күн бұлтты болып, жел соғады деп күтілуде. Күндіз + 30 жылы болса, түнде +16 болады деп болжанды.