19 жасар сарбазды әскерде ұрып-соққан, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Koremiz бағдарламасына сілтеме жасап.
Сарбаз 91678 әскери бөлімшеде өзінің отан алдындағы борышын өтеуге барған. Өз борышын өтеуге барған сарбаз рота сержанты ұрып-соғып, қабырғасын сындырды деп шағымдануды. Қазіргі кезде денсаулығы мәз емес дейді сарбаздың анасы.
Сарбаздың денсаулығына байланысты әскери бөлімше баланың баспалдақтан құлады деп отыр. Бірақ баланың анасы Гүлжамилла Бәйленова бұған сенбейтінін айтуда. Сарбаздың анасы қазіргі баласының күйіне алаңдаулы.
"Оң қабырғадан 3 сынып, ішіне майысып кеткен. Бауыры ісініп тұр. Өті қисайып тұр. Оң қаптал бүйрек істемейді",- дейді анасы сарбаздың жағдайы жайлы емшінің айтқанын жеткізіп.
Сарбаздың бауыры әскерге кеткеніне 3 ай болғаннан бастап жиі-жиі ақша сұрап бастағанын айтуда. Бауырының өтініші бойынша ақшаны түрлі номерге жіберіп отырған.
Ал, әскери қызметкер сарбаздың бауырының 2 млн тенге сұрағанын айтты. Бірақ сарбаздың бауыры бұны жоққа шығаруда.