Басты жаңалықтар

Бала күнінде қайыршы болған қыз бір тілім нанға таласып бірін-бірі өлтіргендер жайлы айтып берді

Бойжеткен анасымен бірге дала кезіп, қайыршылық жасағандарын кездерін еш бүкпесіз айтты

Балалығы көшеде қаңғырумен өткен қыз қайыршылық өмірінде көрген адам сенгісіз жағдайлар туралы айтып берді. Бұл туралы  KYN.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Кристина Дикардсон бес жасына дейін қаладан біраз жерде орналасқан үңгірде өмір сүрген. Оның анасы қорлыққа шыдай алмай қызының туылғанына он бес күн толғанда туған жерінен қашып кеткен. Ол үңгірлер арасында тұрып, жеуге жарамды өсімдіктер терген, қала көшелерінде қайыр сұраған. "Біз өте кедей тұрдық, құс етін жедік. Қалаға кептірілген өсімдік жапырақтары мен гүл сат у үшін баратынбыз", - деді. Ол әлі күнге дейін алғаш рет құс аулаған сәтін және қайыр сұраған кезде адамдардың көзқарасын ұмытпағанын айтты. "Мен осы күне дейін қоқыс жәшігіндегі бір тілім нан үшін бір баламен төбелескенімді еске аламын. Ол мені итеріп жіберді, мен жерге құладым, кейін оны бөтелкемен ұрып жібердім. Менің қолыма жып-жылы қан сезілді. Ол өмір үшін жанталасып жатты, ал мен нанды алып қаша жөнелдім", - деп жазды. Осы оқиғадан кейін бірнеше күннен соң кішкентай бала өліп қалды деген сыбыстар естіген. Кейін Кристинаны Швециялық ата-ана асырап алады, Бразилияға 24 жылдан кейін қайтып келген ол, алдымен анасын іздейді. Сол жерде жетім балаларға арналған қайырымдылық қорын ашады. Сонымен қатар Ричардсон өз басынан өткен оқиғалар туралы "Ешқашанда тоқтама" атты авторлық кітабында жазды.